Жаңа оқу жылында балалар қашықтықтан оқи ма – білім министрлігінің жауабы

0
288

Білім және ғылым министрлігінде соңғы шешім алдағы бірнеше күннің ішінде қабылданады, деп уәде етті Асхат Аймағамбетов.


Жаңа оқу жылында балалар қашықтықтан оқи ма – білім министрлігінің жауабы

ERNUR.KZ. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында білім берудің үш сценарийін қарастырып жатыр. Бұл туралы министрлік басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Бірнеше негізгі нұсқа бар: бірінші нұсқа – қашықтықтан оқыту. Қауіпсіз кейбір шалғай елді мекендердегі мектептер жұмыс істей береді (өткен төртінші тоқсанда солай болды). Бұл нұсқада қалған мектептер қашықтық режимінде оқытады", - деді Асхат Аймағамбетов журналистерге видеоконференция барысында.

Екінші нұсқа – аралас: белгілі бір сыныптар қашықтық формасымен қатар күндізгі білім алады.

"Әрине, мұнда шектеулер болуы тиіс. Біріншіден, міндетті түрде қызу өлшеніп, санитайзерлер қойылып, әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс. Сабақтар, шағын топтар қысқарып, кабинеттік жүйе тоқтатылады және тағы басқа шаралар қабылданады. Яғни, бұл нұсқа шартты түрде болған күннің өзінде өте қатаң санитарлық нормалар мен талаптар болуы тиіс. Қазір біз бірнеше елдің тәжірибесін көріп отырмыз, олар осы нұсқаны ұстануда және қазірдің өзінде осы әдісті қолданып жатыр", - деп түсіндірді министр.

Үшінші нұсқа – қатаң санитарлық шектеулер болатын штаттық режим.

"Яғни, бұл күндізгі оқу кезінде қолданылады, бірақ үзіліс, сыныптардың толымдылығы, кабинет жүйесін тоқтату бойынша шектеулер енгізіледі. Бұл да көптеген елде қабылданып қойған", - дейді Аймағамбетов.

Министрлікте соңғы сценарий жақын күндері таңдалады, деп түйіндеді ол.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет