Жаңа оқу жылында колледж студенттеріне арналған 13 жатақхана ашылады

0
420

Министрлік мәліметінше, оның ішінде, 960 орындық 4 жатақхана жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді.


Жаңа оқу жылында колледж студенттеріне арналған 13 жатақхана ашылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарланып отыр, деп жазады sputnik.kz.

Министрлік мәліметінше, оның ішінде, 960 орындық 4 жатақхана жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді.
Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжінде, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде, Алматы құрылыс-монтаж колледжі мен Алматы сән және дизайн колледжінде ашылды.
"Осы жылдың аяғына дейін Шымкент, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қалған 1512 орындық 9 жатақхананы ашу көзделуде. Бұл шаралардың барлығы техникалық және кәсіби білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға, колледж студенттерінің жатақханада тұру жағдайын жақсартуға бағытталып отыр", - делінген хабарламада.
Атап өтерлігі, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85 пайызы жатақханамен қамтамасыз етілген.