Жаңа туған нәрестелерге ЖСН-нан бұрын ID-код берілетін болады

0
623

Бұл перзентханалардағы бала саудасына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.


Жаңа туған нәрестелерге ЖСН-нан бұрын ID-код берілетін болады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасына прокурордың қатысуы міндеттелді. Перзентханада әділет органдарынан ЖСН алынғанға дейін баланың «ID-кодын» қалыптастыру механизмі енгізілуде. Бұл перзентханалардағы бала саудасына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді», - деді ІІМ өкілі.

Оның айтуы бойынша, министрлік басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, адам саудасы фактілерінің алдын алуға елеулі күш салып жатыр.