Жаңа заң бойынша жайылымдық жерлер мемлекетке қашан қайтарылады

0
382

Бүгінде жайылымдық жерлерді ортақ жерден бөлу жұмысы жүріп жатыр.


Жаңа заң бойынша жайылымдық жерлер мемлекетке қашан қайтарылады

ERNUR.KZ. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі ауыл мен жеке қосалқы шаруалардың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бүгін Мәжілістің Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мемлекетке қанша жайылымдық жер қайтарылғанын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Бүгін 8 млн гектар артық жер белгіленді. Оның 2,5 млн текше метрі қайтарылды. Бұған қоса, кейбір жерлерді қайтару бойынша жұмыстар сотқа берілді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс тобы құрылып, жайылымдық жерлерді ортақ жерлерден бөлу жұмысы жүріп жатыр. Тағы бір мәселе, қайтарылған жерді тез арада конкурс арқылы беруді ұйымдастыру керек. Бұған қоса, тағы қорда қалған бос жерлер бар. Қазір соны беру мәселесі қарастырылып жатыр», - деді А. Сапаров.

Осы ретте, Түркістан облысының Сайрам ауданында жайылымдық жерлерге қажеттілік – 1 млн 190 мың гектар. Ал аудан көлемінде жайлымдық жер бар болғаны 27 мың гектар ғана. Қазығұрт ауданында қажеттілік – 479 мың гектар, ал жалпы аудан көлемінің өзі – 409 мың гектар. Яғни, шаруалар мал бағатын жер таба алмай отыр.

«Қай жерде қанша жайылымдық жер жетпейтінін білеміз. Жаңа заң бойынша жайылымдық жерлерді елге қайтаруы қолға аламыз», - деді вице-министр.