Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда күн суытады

0
441

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күн суытады.


Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда күн суытады

ERNUR.KZ. 28-30 желтоқсанда Қазақстан жаңбыр мен қар жауатын Атлантикалық циклонның ықпалында қалады, деп жазады inbusiness.kz.

"Сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел 15-28 м/с күтілуде, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік облыстарда 30 м/с және одан да жоғары жел соғады", - деді синоптиктер.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күн суытады. Солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы -7...-15°, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -3...-13° дейін төмендейді.