Жаңа жылдан бастап фермерлер үшін су тарифі өседі

0
382

Министр ауыз су тарифі бойынша жұмысты жергілікті атқарушы органдар жүргізетінін атап өтті.


Жаңа жылдан бастап фермерлер үшін су тарифі өседі

ERNUR.KZ. 2024 жылы шаруалар үшін су тарифі көтеріледі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, министрлік суармалы судың тарифін өсіру бойынша монополияға қарсы комитетпен жұмыс істеп жатыр.
"Бірінші қаңтардан бастап орташа тариф 1 теңгеге өседі. Тарифтің көтерілуі "Қазсушар" қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға өсіруге мүмкіндік береді. Орташа жалақы 211 мың теңгені құрайды", - деді Нұржігітов мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ тариф есебінен бес жыл ішінде ирригациялық жүйелерді жөндеуге қосымша 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады.
Министр ауыз су тарифі бойынша жұмысты жергілікті атқарушы органдар жүргізетінін атап өтті.