Жаңаөзенде 14 жасар жасөспірім тоғыз жылға сотталды

0
986

Оқиға 6 ай бұрын болған.


Жаңаөзенде 14 жасар жасөспірім тоғыз жылға сотталды

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде оқушыны пышақтаған жеткіншекке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 6 ай бұрын болған. 9-сынып оқушылары «Шұғыла» шағын ауданында төбелесіп, салдарынан 15 жастағы Қанағат Аманқосов пышақ жарақатынан мерт болды. Бірнеше жерден жарақат алған жеткіншекті дәрігерлер аман алып қала алмады.

Аталған қылмыстық жағдайға байланысты іс қозғалып, іс 3 ай тергеліп, сот үкімі шықты.

«Б есімді жасөспірім ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 7.14-тармақтарымен Маңғыстау облыстық мамандандырылған қылмыстық істер сотымен кінәлі деп танылып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды»,-дейді Жаңаөзен қаласы ПБ ТБ тергеушісі Маңғыстау Джанабев.