Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болды

0
597

Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.


Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болды

ERNUR.KZ Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді, деп жазады Sputnik.kz.

Іс полицияда зорлау бабымен тіркелді.
Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады.
"Күдікті - жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс "Зорлау" бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген", - делінген полиция хабарламасында.
Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.