Жаңаөзенде бір топ адам жолды жауып тастады

0
357

12 сәуір күні таңертең бір топ адам көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастаған.


Жаңаөзенде бір топ адам жолды жауып тастады

ERNUR.KZ. Бүгін Жаңаөзен қаласында бір топ адам жолды жауып тастады. Барлығы полицияға жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 12 сәуір күні таңертең бір топ адам көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастаған. Полиция оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін қалалық полиция басқармасына жеткізді.

24 адам осындай заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізгеннен кейін үйіне жіберілді.
"Мұндай іс-әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша шара қолдануға және ол 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады", - дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетері, Астанада энергетика министрлігінің алдында наразылық акциясын өткізген мұнайшылар ұсталғаннан кейін Жаңаөзенде мыңдаған адам орталық алаңға шықты. Ұсталған жұмысшылар босатылды. Көбісі пойызбен үйіне жіберілді.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының ақпараты бойынша мұнайшылардың атынан он адам қалды. Олар келіссөзді жалғастырады.