Жаңаөзенде газдың қымбаттауына байланысты митинг өтті

0
2 377

Қала тұрғындары әкімдік ғимаратының жанына жиналып, биліктен ТМД-дағы бөлшек сауда нарығындағы бағаны бірыңғай етуді талап етті.


Жаңаөзенде газдың қымбаттауына байланысты митинг өтті

ERNUR.KZ. Жаңаөзен тұрғындары қалалық әкімдік ғимаратының алдында митинг өткізді, деп жазады Tengrinews.kz.

Жаңаөзенде 9 наурыз күні газ бағасының көтерілуіне қарсы митинг өтті. Қала тұрғындары әкімдік ғимаратының жанына жиналып, биліктен ТМД-дағы бөлшек сауда нарығындағы бағаны бірыңғай етуді талап етті.

Жаңаөзен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Мұхтарұлы жағдайға түсінікт берді. Оның айтуына қарағанда, газ бағасын төмендету мақсатында әкімдік жеке кәсіпкерлермен және қаланың газ желісі ұйымдарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады.

"Кәсіпкерлерге газ бағасын көтермеу туралы айттық. Қазір бақылау күн сайын жүргізіледі, басқарма бағаның тұрақты екенін бақылау үшін жанармай құю бекеттерін күніне екі рет тексереді", - деді Нұрсұлтан Мұхтарұлы.

Мұның алдында Ақтау жүргізушілері осындай жағдайға шағымданған болатын.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов газдың қымбаттауына бөлшек бағаның шектік мөлшері алынып тасталуы және "көгілдір отынды" аукцион арқылы бөлінуі мүмкін екенін айтты.