Жаңаөзенде геофизиктер бейбіт ереуілге шықты

0
473

"Өзенпромгеофизика" АҚ қызметкерлерінің бейбіт ереуілі 15 сәуірде басталған.


Жаңаөзенде геофизиктер бейбіт ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде "Өзенпромгеофизика" АҚ қызметкерлері бейбіт ереуілге шықты. Жұмысшылар жалақылар 100%-ға өсіруді талап етті, деп жазады Stan.kz.

Сонымен қатар геофизиктер 13 айдың жалақысын екі есе өсіруді, жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтіндерді штатқа алуды сұрады.

Жұмсышылардың сөздерінше, олар өз талаптарын жұмыс берушіге 15 ақпанда жеткізген. Алайда осы уақыт аралығында ештеңе өзгермегенін мәлімдеді. Тіпті жұмыс беруші кездесуге келмеген.

Олар осы талаптар орындалмаған жағдайда ереуілге шығатындарын жеткізді. Кейін жұмысшылар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, өңір әкімі Нұрлан Ноғаевқа және Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақовқа видеоүндеу жолдады.

"Өзенпромгеофизика" АҚ қызметкерлерінің бейбіт ереуілі 15 сәуірде басталған.