Жаңаөзенде қару-жарақ сақталған қойма табылды

0
775

Бұл туралы Ұлттық ұланның «Батыс» РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтанов хабарлады.


Жаңаөзенде қару-жарақ сақталған қойма табылды

ERNUR.KZ. Арнайы іс-шаралар барысында Кесси атты қызметтік ит кесілген шолақ мылтық пен спорттық мылтықтары бар жасырын қойманы тапты, деп жазады orda.kz

Бұл туралы Ұлттық ұланның «Батыс» РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтанов хабарлады.

5548 әскери бөлімінің кинолог маманы, кіші сержант Асан Әбдікәрім Кэсси атты қызметтік иттің көмегімен полиция қызметкерлерімен бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізді.

34 жастағы жергілікті тұрғынның гаражын қарау кезінде із кесуге дағдыланған ит аңшылық шолақ мылтық және спорттық мылтықтары бар қойма тапты.