Жаңаөзенде қоқыс жәшігінен "Қызыл кітапқа" енген жануардың денесі табылды

0
399

Мұны әлеуметтік желіде қала тұрғыны жариялады.


Жаңаөзенде қоқыс жәшігінен

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласында ер адам жойылу қаупі төнген жануардың денесін тауып алдым деп, әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

- "Аянышты екен. Ақбөкен, қоқыс жәшігінде жатыр. Мұндай бағалы жануарды кім өлтірген?"- дейді автор.

Бейнежазба авторы бұл түсірілімді түсірген күнді де, белгілі бір шағын ауданды да нақтыламады.

Жергілікті биолог, Батыс Қазақстанның "Табиғи орта" ҮЕҰ Өңірлік қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов бұл "Қызыл кітапқа" енген Үстірт арқары емес, ешкі екенін түсіндірді. Ол мамандармен кеңескеннен кейін бейнедегі жануардың ешкі малы екенін нақтылады.

"Басында мен де оны Үстірт қойының ұрғашысы деп ойладым. Бірақ мамандар бұл ешкі екеніне сенімді. Қалай болғанда да, қоқыс контейнеріне бүтіндей ешкіні лақтыру дұрыс емес", - деді Әділбек Қозыбақов.