​ Жаңаөзенде мұғалімдер наразылық акциясына шықты

0
633

Мұғалімдер екі мектептің жекеге өтуіне қарсы. Педагогтар Қазақстан президентіне, білім министрі мен облыс әкіміне үндеу жасап, бұған жол бермеуді талап етті.


​ Жаңаөзенде мұғалімдер наразылық акциясына шықты

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласындағы №2 және №6 мектептің қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орындарын жекенің қолына беруді тоқтатуды талап етіп, үндеу жариялады, деп жазады sputnik.kz.

"Мектебіміз жекенің қолына өтсе, жалақыны өзгертіп, қызметкерлерді қысқартуды бастайды. Ата-аналарға да қиындық тудырады: бәрі ақылы болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс істейміз, сыныптарымызды өзіміз жаңарттық, жаңа жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз мектептің жеке қолға өтуіне үзілді-кесілді қарсымыз", - дейді ұстаздар.

Осындай видеоүндеуді 30 қаңтарда №2 мектептің мұғалімдері де жазды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Мектептер жекешелендірілмейді, сенімгерлік басқаруға беріледі.