Жаңаөзендегі "Қазақ газ өңдеу зауытына" қатысты тергеу басталды

0
406

Қаржы мониторингі агенттігі осы іске қатысты кінәлі адамдарды ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.


Жаңаөзендегі

ERNUR.KZ. Сұйытылған газ бағасын негізсіз өсіруге қатысы бар "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына және басқа да жауапты тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Қаржы мониторингі агенттігі осы іске қатысты кінәлі адамдарды ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазақ газ өңдеу зауыты еліміздің басым бөлігін атап айтқанда, көліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газ пайдаланылатын Маңғыстау облысын газбен қамтамасыз етеді.

2021 жылдың маусымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы үш жылда елімізде газ тұтыну екі есеге артқанын, ал аталған газ өңдеу зауытындағы негізгі жабдықтардың 90 тозғанын атап өткен болатын.