Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тапты

0
604

Екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.


Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адам ауруханаға түсті. Соның ішінде 29 жастағы ер адам қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Қалалық аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, бірінің 80 пайыз, екіншісінің 50 пайыз денесін күйік шалған. Басқа адамдардың жағдайы қанағаттанарлық.

Оқиға орнына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та барған. Үйіндіні аршу, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шеккені хабарланған болатын.