Жаңаөзендегі жарылыс: газ құбырындағы ақау көрсетілген бейнежазбаға ТЖД түсінік берді

0
460

17 сәуірде Жаңаөзен қаласының 2-мөлтек ауданындағы 2 қабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді.


Жаңаөзендегі жарылыс: газ құбырындағы ақау көрсетілген бейнежазбаға ТЖД түсінік берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі жарылыс болған орыннан газдың шыққанын айғақтайтын бейнежазба тарады. Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бейнежазбаға қатысты түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

19 сәуірде әлеуметтік желілерде 17 сәуір күні жарылыс болған Жаңаөзендегі тұрғын үй аумағындағы жерасты газ құбырын мамандар және эксперттердің қарауы кезінде түсірілген газдың шығуын айғақтайтын бейнежазба тараған. Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бұл видеоның жарылыстың дәлелі болып танылмайтынын мәлімдеді.

«Назарларыңызға саламыз, көрсетілген бейнероликтер жарылыстың дәлелі болып танылмайды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жарылыс-техникалық сараптама бірнеше кезеңнен тұрады, көру арқылы бақылау, тереңірек және егжей-тегжейлі зерттеу үшін жағдайды бағалау қажет. Сонымен қатар қандай да бір жалған ақпараттарды жария ететін болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді» делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраған.

Айта кетсек, 17 сәуірде Жаңаөзен қаласының 2-мөлтек ауданындағы 2 қабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді.