Жаңаөзендегі жарылыстан кейін 16 үй газдан уақытша ажыратылды

0
507

17 сәуірде Жаңаөзен қаласының 2-ші шағын ауданында екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған.


Жаңаөзендегі жарылыстан кейін 16 үй газдан уақытша ажыратылды

ERNUR.KZ. Сараптама тобының жұмысына байланысты және жарылыс болған "Шұғыла" шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Жаңаөзендегі 16 үйде газ беру уақытша тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандарының алдын ала бағалауы бойынша сарапшылардың жұмысы үш күнге дейін созылуы мүмкін.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жаңаөзендегі үйдегі жарылыстың алдын ала себебі айтылды. Жарылыс газ-ауа қоспасының тарсылынан болуы мүмкін.
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жансейіт Қайнарбаев пен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жаңаөзен филиалының директоры Жебелбай Алдабергенов "Шұғыла" шағын ауданында орналасқан 16 үйде газдың уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мұндай шаралардың қабылдану себебін түсіндірді.
"Қазіргі уақытта ол жерде сараптамалық топ жұмыс істеп жатыр – оқиғаның себебін анықтау үшін газбен жабдықтау жүйесін тексеру қажет. Осыған байланысты, сондай-ақ ықшам аудан тұрғындарының өтініші бойынша бір газ реттеу пунктіне қосылған тұрғын үйлер газдан ажыратылған. Бұл үш күнге дейін уақытты алады. Сарапшылар бүгінге дейін тиісті шараларды атқарып үлгерсе, газды бірден қосады", - деді Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері.
Жарылыс болған 51 үйдің аумағы тұрғындардың қауіпсіздігі және мамандардың жұмысына кедергі келтірмеу үшін темір қоршаумен қоршалған.
Бұған дейін хабарлағандай, 17 сәуірде Жаңаөзен қаласының 2-ші шағын ауданында екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған. Жарылыс салдарынан төрт пәтер опырылып құлады. Құтқарушылар үйінді астынан төрт жараланған адамды тірідей және бір баланы қоса алғанда төрт адамның мәйітін алып шықты. 13 адам, оның ішінде сегіз бала медициналық көмекке жүгінді. Зардап шеккен алты адамды ауруханаға жатқызу қажет болды, жеті адамға амбулаторлық ем тағайындалды.