Жаңаөзендік "Өрмекші адам" желі қолданушыларын таң қалдырды

0
423

Жігіт қабырғаға өрмелеу хоббиі екенін айтады.


Жаңаөзендік

ERNUR.KZ. Жаңаөзендік "Өрмекші адам" желі қолданушыларын таң қалдырды, деп жазады zakon.kz.

Бұл жолы Амандық Молдағұлов ешқандай сақтандыру құралынсыз кеңсе ғимаратының үшінші қабатына көтерілген. Ол әріптесіне көмектесу үшін осындай әрекетке барған.

Кеңседе кілтін ұмытып кетіп, жұмыс орнына кіре алмай тұрған әріптесіне Амандық көмекке келді.




Амандық қабырғаға өрмелеу хоббиі екенін айта отырып, сондықтан үшінші қабатқа көтерілу еш қиын болмағанын жеткізді.

Ол бала кезінен "Өрмекші адам" деген лақап атқа ие.