Жанат Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды

0
391

Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.


Жанат Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды

Жанат Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының м. а. қызметінен бастаған. 2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының прокуратура органдарында жұмыс істеген.

2007 жылдан 2017 жыл аралығында Әділет және Қаржы министрліктерінің, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды.

2017 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдар атқарды.

2019 жылдың ақпан айынан сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болды.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.