Жаңажылдық отшашу: Павлодар облысында екі адам зардап шекті

0
1 249

Павлодардың 33 жастағы тұрғыны мен Екібастұздың 23 жастағы тұрғыны жедел жәрдем көмегіне жүгінген.


Жаңажылдық отшашу: Павлодар облысында екі адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында екі тұрғын Жаңа жыл түні отшашу салдарынан күйік және жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Павлодардың 33 жастағы тұрғыны мен Екібастұздың 23 жастағы тұрғыны жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

"Түн ортасынан кейін бірден екі оқиға тіркелді. Отшашу кезінде Павлодар тұрғынының қабағы күйіп, көз алмасы контузия алған. Ер адам облыстық клиникалық аурухана жанындағы офтальмологиялық жарақат пунктіне жеткізілді", - деді Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы өкілдері.

Екібастұзда зардап шеккен тұрғынға күйік диагнозы қойылған. Сондай-ақ, оның беті көгерген.

"Қыз бұл жарақаттарды жаңажылдық отшашу кезінде петард атылғаннан кейін алған. 103 бригадасы зардап шегушіні Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізді", - дейді дәрігерлер.