Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

0
355

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысымен шектеу критерийлері екі блокқа жіктелген: «Ashyq» жобасына қатысатын және қатыспайтын нысандар ескерілген.


Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысымен шектеу критерийлері екі блокқа жіктелген: «Ashyq» жобасына қатысатын және қатыспайтын нысандар ескерілген.

Қаулы 8 маусым күні күшіне енеді, яғни «сары» аймаққа кіргеннен кейін 7 күннен соң.

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасындағы мейрамхана, дәмхана және кофехана сияқты қоғамдық тамақтану нысандары (ғимарат ішіндегі) 50 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл өз кезегінде «сары» және «қызыл» аймаққа қатысты.

Осындай график жазғы алаңдарға, банкет залдарына да бекітілген.

Ал фудкорттар үшін 20 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.