Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша уақытша әлем чемпионы титулын жеңіп алды

0
757

Әлімханұлы бірден қарсыласына қысым жасап, бірінші раундта Дигнумды нокдаунға түсірді.


Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша уақытша әлем чемпионы титулын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша "тұрақты" әлем чемпионы атанды, деп жазады Vesti.kz.

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Әлімханұлы бірден қарсыласына қысым жасап, бірінші раундта Дигнумды нокдаунға түсірді. Ал екіншісінде ұлыбританиялық күшті соққыны жіберіп алып, терең нокаутқа түсті.

Орта салмақта WBO әлем чемпионы титулы америкалық - Деметриус Андрадеде (31-0, 19 КО), оны ұйым Әлімханұлымен жұдырықтасуға міндеттеген. Егер америкалық жекпе-жектен бас тартса, Әлімханұлы титулды жекпе-жексіз жеңіп ала алады.

Әлімханұлы 12-ші жеңісіне жетіп отыр, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.