Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

0
697

Оның қарсыласы жалпы 27 жекпе-жек өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен.


Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін канадалық 39 жастағы нигериялық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізеді, деп жазады ҚазАқпарат.

26 жастағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын 9 қарашада Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) қорғайды.

Оның қарсыласы 24 рет жеңіске жетіп, (8 КО) екі мәрте жеңіліс тапқан. Бір айқаста тең түскен. Жалпы 27 жекпе-жек өткізген.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта ол канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғады.