"Жансақтау бөлімінде жатыр": Қостанайда 7 жастағы қыз аязда су толы құдыққа құлап кетті

0
304

Қазір бала дәрігерлерің бақылауында.


ERNUR.KZ. Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында 7 жастағы қыз -25 градус аязда абайсызда жылу құдығына құлап кеткен. Баланы ТЖД қызметкерлері келіп құтқарып алды, деп жазады Stan.kz.



Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, құдықтағы судың тереңдігі 60-70 сантиметр. Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жетті. Қызды құтқаруға бейтаныс адам да көмектесті.

Құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.

“Балаға гипотермия (дене температурасының төмендеуі) диагнозын қойдық. Ішкі ағзаларында, басында және аяқ-қолдарында жарақаттар жоқ. Бала есін жиды, сұрақтарға жауап беріп отыр. Егер жағдайы жақсарса, ертең палатаға ауыстырамыз”, – дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

Қазір бала дәрігерлерің бақылауында. Айта кетейік, қазір Қостанай облысында сынап бағанасы -25 градус аязды көрсетіп тұр.