Жансая Әбдімәлік Македонияда өткен шахмат турнирінде үздік бестікке енді

0
1 486

Ең мықты өнер көрсеткен ойыншы жастар арасындағы әлем чемпионы, алматылық Жансая (U-20) болды. Жансая Әбдімәлік Македонияда өткен турнирде тоғыз ойынға қатысты. Оның ішінде бес рет жеңіске жетіп, 4-еуінде қарсыласымен тең түсті. Осылайша ол Скопьеде 7 ұпай жинады және 5-орынды иемденді. Ал шымкенттік Гүлісхан Нахбаева Македониядағы турнирде төрт рет жеңіске жетіп, бір ойынды тең аяқтады.


Жансая Әбдімәлік Македонияда өткен шахмат турнирінде үздік бестікке енді

Жансая Әбдімәлік Македонияда өткен шахмат турнирінде үздік бестікке енді

Македонияда Karpos Open 2018 халықаралық шахмат турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған сайыста Қазақстан атынан алматылық Жансая Әбдімәлік пен шымкенттік Гүлісхан Нахбаева қатысты.

Ең мықты өнер көрсеткен ойыншы жастар арасындағы әлем чемпионы, алматылық Жансая (U-20) болды. Жансая Әбдімәлік Македонияда өткен турнирде тоғыз ойынға қатысты. Оның ішінде бес рет жеңіске жетіп, 4-еуінде қарсыласымен тең түсті. Осылайша ол Скопьеде 7 ұпай жинады және 5-орынды иемденді.

Ал шымкенттік Гүлісхан Нахбаева Македониядағы турнирде төрт рет жеңіске жетіп, бір ойынды тең аяқтады. Қазақстан намысын қорғаған екінші шахматшы пассивте төрт рет жеңіліс тапты. Шымкент қаласынан барған шахматшы осылай 74-орынға ие болды.

Турнирге әлемнің 17 елінен 165 шахматшы қатысты. Сайыста болгариялық Радослав Димитров жеңіске жетті. Одан кейін сербиялық Синиша Дражич және македониялық Леон Леваич жүлделі болды. Барлық үш шахматшы да 7,5 ұпай жинады.