Жантүршігерлік оқиға: Қаратауда өртелген баланың өлі денесі табылды

0
5 922

Мәйіт іздеудегі жеткіншекке тиесілі болуы мүмкін деген болжам бар


Жантүршігерлік оқиға: Қаратауда өртелген баланың өлі денесі табылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қаратау қаласында жантүршігерлік оқиға. Шаһар іргесінен өртелген баланың өлі денесі табылды, деп жазады ktk.kz.

Қазір мәйітті тану мүмкін болмай жатыр. Себебі қатты жанып кеткен. Ал кеше осы қалада 8 жастағы қыз жоғалған еді. Үшінші сынып оқушысы би үйірмесіне кетіп қайта оралмаған. Анықталған дене іздеудегі жеткіншекке тиесілі болуы мүмкін деген қорқыныш бар.

Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ПД бастығы:" Мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анасы мәйтті киім қалдықтарынан қызыныкі екенін болжады. Сонымен қатар ашуға бағытталған жедел іздестіру жұмыстары жалғасуда".