Жантүршігерлік өртте 5 қызынан айырылған отбасы сәбилі болды

0
1 741

Былтыр елордада жер үйлердің бірінен шыққан өрттен бір отбасының 5 бүлдіршіні қаза тапқан болатын.


Жантүршігерлік өртте 5 қызынан айырылған отбасы сәбилі болды

фото baq.kz.

Жантүршігерлік өртте 5 қызынан бір сәтте айырылып қалған отбасы арада бір жыл өткеннен кейін балалы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы желі қолданушысы Тәңірберген Бердоңғар Facebook парақшасында жазды.

"Бар баласынан өрт кезінде айырылып, қайғы жамылған Ситерлер отбасын құттықтаймын! Жанымгүл жүкті болған кезін көз тимесін деп құпияда ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Құттықтаймын және бүкіл халық болып ұлыңыз үшін дұға етеміз! Ата-ана махабатына бөленген қадірлі ұл болсын! Бауы берік болсын!", - деп жазады Тәңірберген Бердоңғар.


Еске сала кетейік, елордада жер үйлердің бірінен шыққан өрттен бір отбасының 5 бүлдіршіні қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға қыздардың ата-анасын ғана емес, бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды.