Жантүршігерлік жол апатынан үш адамның өмірі қиылды

0
1 281

Облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады


Жантүршігерлік жол апатынан үш адамның өмірі қиылды

ERNUR.KZ. «Жезқазған-Сәтбаев» бағытындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болып, үш адамның өмірі қиылды. Осыған байланысты облыстық Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады, деп жазады Baq.kz.

Қарағанды облысының ІІД-нің ақпараты бойынша екі көліктің соқтығысуы Жезқазған-Сәтбаев автожолында орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Camry» тізгіндеген 47 жастағы қала тұрғыны жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарама-қарсы келе жатқан «Volkswagen Passat» маркалы көлікке соғылған. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан «Volkswagen Passat» көлігінің рөлінде отырған 43 жастағы ер адам мен оның екі жолаушысы оқиға орнында бірден көз жұмған. «Toyota Camry» машинасының жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруxанаға жеткізілген.

«Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 4-тармағына сай сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сәйкесінше сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде», - дейді Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Іс «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу» дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Жантүршігерлік жол апатының видеосы ғаламтор желісі арқылы таралуда. Инстаграммдағы Shock.krg парақшасында жарияланған видеодан көліктердің сау тамтығы қалмағандығын көруге болады.