Жапониялық туристер Байқоңырдан ғарышқа аттанады

0
509

Ғарыш туристері Байқоңырға соңғы 12 жылда алғаш рет келді.


Жапониялық туристер Байқоңырдан ғарышқа аттанады

ERNUR.KZ. Желтоқсанның 8-і күні екі жапон турисі мен ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин Халықаралық ғарыш станциясына аттанады, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін экипаж дайындықтарын жалғастырады. Олар халықаралық ғарыш станциясында 12 күн болады.

Айта кетейік, кеңістіктегі станцияға ғарыш саяхатшылары соңғы рет 2009 жылдың қазан айында барған. Жалпы онда 7 турист болып қайтқан.

Толқып тұрғаным соншалық көзіме жас келіп тұр. Мұның барлығы адамға қатты әсер етеді екен - дейді ғарыш турисі Юсаку Маэдзава.

Ал ғарышкер Александр Мисуркин ғарыш кемесін тексеріп, танысып жатқандарын айтты.

Киімдерді киіп көріп, кемені қарап шықтық. Барлық басқару жүйелерін тексеріп кемедегі жағдайға бойымызды үйретіп жатырмыз - дейді ғарышкер.