Жаркентте полицейлер Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атты

0
1 435

Жергілікті тұрғыннан Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша қылмыстық іс бойынша тәркіленген 2491 дана ондатр терісін қайтарып беру үшін 700 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр.


Жаркентте полицейлер Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атты

ERNUR.KZ. Полицейлер Алматы облысы Жаркент қаласында Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атқан. Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ішкі істер органдары жүйесіндегі жосықсыз қызметкерлер бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша Департаменті облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Панфилов аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі басшысының, ЖПҚ басшысының (полиция майоры), сондай-ақ, осы аудандағы патрульдік полицияның екі қызметкерінің (екеуі де сержант) пара алу дерегін анықтады", - деп хабарлады Бердалин Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Оның айтуынша, олар жергілікті тұрғыннан Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша қылмыстық іс бойынша тәркіленген 2491 дана ондатр терісін қайтарып беру үшін 700 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр.

"Сонымен қатар, ұстау барысында патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі Антикоррупция қызметінің жедел-тергеу тобына қарата оқ атқан. Салдарынан үш полицей қылмыс орнынан жасырынған. Осы дерек бойынша Панфилов аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі, 5-пункті бойынша соталды өндіріс тіркелді. Қазіргі уақытта олар іздеуде жүр", - деді Бердалин.