Жарты жылда 3 судья мен 7 әкімнің жемқорлық әрекеті әшкереленген

0
378

Жылдың 6 айында 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


Жарты жылда 3 судья мен 7 әкімнің жемқорлық әрекеті әшкереленген

ERNUR.KZ. 2021 жылдың 6 айында жемқорлық фактісі бойынша 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның 61-і – республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар, деп жазады ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ведомствоның алқа мәжілісінде осындай деректер келтірді.

«Статистика сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тіркеудің 35%-ға немесе1540-тан 1005-ке дейін төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, жылдың 6 айында 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 61-і республикалық және облыстық деңгейдегі басшы және вице-министр, 3 судья. 7 өңірлік әкім мен олардың орынбасарлары әшкереленді», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, аталған әрекеттерден келген залалдың 15 млрд теңгесі қазынаға қайтарылған.

Марат Ахметжанов 6 айдың ішінде бизнестің жұмысына орынсыз килігудің 60 жағдайы, көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқорлық жасаудың 45 фактісі, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 61 фактісі тіркелген.