Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушыға сот үкімі шықты

0
617

2022 жылғы мамырда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің электрон мекенжайына жоғары оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы хабарлама түскен.


Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушыға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушыға Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды. 10-сынып оқушысының 6 айға бас бостандығы шектелді, деп жазады tengrinews.kz.

2022 жылғы мамырда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің электрон мекенжайына жоғары оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған мекенжайларға дереу барлық шұғыл қызметтер, саперлар мен қызметтік иттерімен кинологтар жіберілді. Оқу орындарының персоналы мен оқушылары эвакуацияланды. Тексеру барысында жарылғыш заттар табылған жоқ.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде 10-сынып оқушысын анықтады. Оқушы өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Полицейлер компьютерді тәркіледі. Сонымен қатар, аталған оқушы осындай электрондық хатты Көкшетау қаласына да жолдап, үш сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлағаны анықталды.

Биыл мамырда Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотымен үкім шығарылып, кәмелетке толмаған күдікті кінәлі деп танылды. Оған қатысты 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.