Жарылыс болған Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланды

0
536

Облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев жарылыс салдарын жою процесіне жетекшілік ететін болады.


Жарылыс болған Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Әскери нысанда жарылыс болған Байзақ ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев тағайындалды", - делінген хабардамада.

Айта кетейік, 26 тамызда әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі қоймасында жарылысы болды. Салдарынан 15 адам қаза тапты. 90-ға жуық адам жарақат алды. 100-ден аса жылжымайтын мүлік бүлінген.