Жарылыс болған мексикалық ірі кен орнының Қазақстанға қандай қатысы бар

0
1 318

Мексиканың Petroleos Mexicanos (Pemex) мұнай компаниясы БАҚ-қа Ku-Alfa мұнай платформасында болған жарылысты растады.


Жарылыс болған мексикалық ірі кен орнының Қазақстанға қандай қатысы бар

ERNUR.KZ. Қазақстандық сақтандыру компаниясы түсінік берді. 5 сағат бұрын жарылған Ku-Alfa мұнай платформасы «Еуразия» сақтандыру компаниясында қайта сақтандырылған, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгін Мексиканың Petroleos Mexicanos (Pemex) мұнай компаниясы БАҚ-қа Ku-Alfa мұнай платформасында болған жарылысты растады. Платформа Мексика шығанағының оңтүстігіндегі Кампече штатының маңында орналасқан.

Компания апат салдарынан 5 адам зардап шеккенін хабарлады. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ku-Alfa платформасы Ku-Maloob-Zaap ірі кешенінің құрамына кіреді. Бұл – ең ірі мексикалық кен орындардың бірі. Мұнда тәулігіне 640 мың баррель мұнай өндіріледі. Кен орнындағы мұнай қоры – 4,9 млрд баррель. Қайта сақтандыру шарты 2021 жылғы 30 маусымнан басталады.

«Еуразия» СК қайта сақтандыру шартының сомасы – 4,98 млн доллар.

«Әзірше Мексика шығанағындағы жарылыстан болған шығынның алдын ала сомасы анықталып жатыр. Алайда қазір Мексикадағы мұнай өндіру платформасы сынды маңызды және ірі объектіні қайта сақтандыруға қатысатын «Еуразия» сақтандыру компаниясы қажет құжаттарды алғаннан кейін өз үлесін дереу төлеуге дайын екенін сенімді түрде айта алады. Техногенді апаттардың саны әлемдегі өнеркәсіп өндірістің артуымен бірге артып келеді. Сондықтан «Еуразия» кейінгі шығынды өтеу үшін үнемі төлем жасайды. Компаниямыз ТМД кеңістігінде қайта сақтандырудың көшбасшысы болып саналады», - деді «Еуразия» СК басқарма мүшесі Нұрмұхамед Түлбаев.