Жас қазақ әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірді

0
600

Алдияр Семедьяровтың IQ коэффициенті Векслер шкаласы бойынша 135-тен асады.


Жас қазақ әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірді

ERNUR.KZ. 23 жастағы қазақстандық әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне енді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Алдияр Семедьяровтың IQ коэффициенті Векслер шкаласы бойынша 135-тен асады. Ол ақыл-ой деңгейі жоғары адамдар үшін ең ірі және әйгілі ұйым саналатын «Менсада» тест тапсырып, халықаралық ұйымның мүшесі болды. Тиісті ұйымға тағы бір қазақ баласы – Димаш Әділет алғаш боп енген.

ҰБТ-да 124 балл жинап, мектепті «Алтын белгімен» (алтын медаль) бітірген Алдияр Ақтауда туып-өскен. Назарбаев университетінде оқыған. Өткен жылы Швейцарияның ETH Zurich институтына «электр инженериясы» мамандығы бойынша магистратураға түскен.

Алдиярдың IQ деңгейі Вехслер шкаласы бойынша 135-тен асады, бұл әлем халқының 99 пайызының IQ деңгейінен жоғары.

«Мектеп мені тәртіпке үйретті және Назарбаев университетінде әрі қарай оқуыма барлық пәндер бойынша мықты негіз берді», – дейді Алдияр Семедьяров.