«Жас Отан» Жастар қанаты IV Сьез қарсаңында Орталық кеңес мүшелерін сайлау өткізе бастады

0
2 457

Сайлау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 18-25 қаңтар аралығында үміткерлердің тізімі жиналып, олар «Жас Отан»-ның әлеуметтік желі парақшаларында көрсетілген сілтеме арқылы тіркеуден өтіп, 25 қаңтар мен 8 ақпан арасында үміткерлер #JasOtanSailau хэштегімен Instagram парақшаларында видео жариялап және оған 5000 лүпіл не әлеуметтік желі қолданбайтын үміткерлер 500 адамның қолын жинау арқылы екенші кезеңге 48 финалист өтті.


«Жас Отан» Жастар қанаты  IV Сьез қарсаңында  Орталық кеңес мүшелерін сайлау өткізе бастады

Сайлау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 18-25 қаңтар аралығында үміткерлердің тізімі жиналып, олар «Жас Отан»-ның әлеуметтік желі парақшаларында көрсетілген сілтеме арқылы тіркеуден өтіп, 25 қаңтар мен 8 ақпан арасында үміткерлер #JasOtanSailau хэштегімен Instagram парақшаларында видео жариялап және оған 5000 лүпіл не әлеуметтік желі қолданбайтын үміткерлер 500 адамның қолын жинау арқылы екенші кезеңге 48 финалист өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі "Жас Отан"-ға сілтеме жасап.

Ал екінші кезең қолдауға ие болған үміткерлерге онлайн дауыс беру арқылы өтеді. Дауыс беру 11 ақпанда басталды. Ұйымның Телеграмдағы каналында16 аймақтан ақтық кезеңге жеткен 48 үміткерге дауыс беру ақпан айының 16-сы күні сағат 24:00-ге дейін жалғасады. Орталық кеңес мүшесін сайлауға «Жас Отан» мүшелері қатыса алады.

Сайлау нәтижелері 26 ақпан күні баспасөз беттері мен ұйымның әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Бүгінгі таңда «Жас Отанның» 164 000 мүшесі бар. Соның ішінде 33-і Орталық кеңеске іріктелмек.