Жасөспірім видео үшін алматылық қарияны соққыға жыққан (видео)

0
710

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірім мен қарияның сөйлесіп тұрғанын көруге болады


Жасөспірім видео үшін алматылық қарияны соққыға жыққан (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда жасөспірім көшеде кетіп бара жатқан қарияны соққыға жыққан, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірім мен қарияның сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кейін қарияның бетінен жұдырықпен бірнеше рет соққы жасайды. Ал ер адам соққы салдарынан жерге құлаған.

Жасөспірімнің бұл әрекетін басқа жігіт түсіріп алған.

Алматы полиция департаменті бұл деректің Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған азамат ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды", – деді полиция өкілдері.