Жасөспірімдерге ата-анасының жазбаша рұқсаты болғанда ғана екпе салынады - Тоғжанов

0
697

Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer препаратымен вакциналауды тапсырды.


Жасөспірімдерге ата-анасының жазбаша рұқсаты болғанда ғана екпе салынады - Тоғжанов

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer препаратымен вакциналауды тапсырды, деп жазады zakon.kz

"Бүгін COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ералы Тоғжанов барлық облыстардың басшылығына белгіленген ережелерді қатаң сақтауды және жасөспірімдерді ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің жазбаша хабардар етілген келісімімен ғана вакциналауды тапсырды", - деп жазды Ержан Байтанаев Facebook-тегі парақшасында жазды.