"Жастарға айтар бір сөзім бар": Мемлекет басшысы жас ұрпаққа өз ақылын айтты (ВИДЕО)

0
1 940

Жас кезден әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, әр адамды тыңдауға үйрену керек.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға айтқан кеңесінің видеосын ҚР президентінің телерадиокешені Facebook желісіндегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Жастарға айтатын бр сөзім бар, қазіргі өсіп келе жатқан жастар дүние жүзінің бәрінде жұмыс істейтін болады. Солай ғой? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Сонда сен барасың дағы Африка немесе басқа елге барғанда өзіңнің заңыңда орнатасың ба? Мен қазақпын, табыныңдар маған дейсің бе? Немесе Австралияға, Америкаға, Еуропаның мемлекеттеріне барасың... Қазіргі жастарамыз дүние жүзінің азаматы болды. Жас кезден әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, әр адамды тыңдауға үйрену керек. Сонда бізді сыйлайтын болады",-деді Нұрсұлтан Назарбаев.