"Жасыл ел" жауынгерлері жұмысқа кірісті

0
1 108

Жоба биылғы жылы 16 мен 29 жас аралығындағы 2200 жасты жұмысқа тартуды жоспарлап отыр. Оның мың жарымнан астамы аудандарда.


ERNUR.KZ. Атырау облысында "Жасыл ел" жасағының 600 астам жауынгері еңбек маусымына кірісіп кетті, деп жазады Zakon.kz.

"Жасыл ел" еңбек жасағының жетекшісі Абылай Құрметұлының айтуынша, облыста 652 жас белсенді жазғы демалысты пайдалы іспен өткізуге ниет білдірді.

Жоба биылғы жылы 16 мен 29 жас аралығындағы 2200 жасты жұмысқа тартуды жоспарлап отыр. Оның мың жарымнан астамы аудандарда.

Қазіргі таңда жастар елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жасыл екпе ағаштарды күту, құрылыс және басқа да салаларда жұмыс жасап жатыр.

Атыраудың Балықшы, Алмагүл ы/а, Вокзал жанындағы Арбат, ретро саябақ сияқты орындарында жұмыс жүргізілуде.

Жасақтың жас жауынгерлері Авангардтағы тұрғын үй құрылысына да көмектерін тигізуде.

- Жеті адам үй тұрғызуға көмектесуде. Бұл жазғы демалыс кезінде студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларына табыс табуға жақсы мүмкіндік. Барлық ұсталатын қажетті қаражаттарды қоспағанда жалақы айына 48 мың теңгені құрайды. Бірақ, құрылыс пен ретро саябақтағы жұмыстармен айналысып жатқандар 10 мың теңгеге көбірек алады. Оларға бұл соманы жұмыс беруші төлейді, - деді А. Құрметұлы.

Еске сала кетейік, жазғы уақытта табыс табам және қоғамға өз септігімді тигізем деп ниет білдірген болса әр ауданда орналасқан жастар ресурстық орталықтарына, ал облыс орталығының тұрғындары "Нұрсая" ы/а, 28 мекен-жайы бойынша хабарласуларына болады.