«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН»: Маңғыстауда ерекше қорғалатын табиғи аймақ құрылуы ықтимал

0
133

Тағы бір айта кетерлігі – мұндай нысандар есепке алынып, мәртебесі анықталып жатқан кезеңде мемлекеттік деңгейде қорғалатын нысандармен бірге сақталады екен.


«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН»: Маңғыстауда ерекше қорғалатын табиғи аймақ құрылуы ықтимал

Білетін болсаңыздар, елімізде 2021-2025 жылдар аралығына арналған «Жасыл Қазақстан» деп аталатын ұлттық жоба қабылданған болатын. Әсіресе, экологиялық проблемаларды шешуге басымдық берілген сол жобаның бір мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру еді. Осыған орай, журда бірнеше сенатор Маңғыстау өңіріндегі «Торыш» тастары деп аталатын аймақты ерекше қорғауға алу жөнінде Үкімет басшысына сауал жолдаған.


Өз кезегінде, Үкімет басшысы қазан айында депутаттарға жауап беріп, бұл бағытта жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Алайда, ресми ақпарат бойынша «Торыш» тастары аймағы мемлекеттік табиғи қорық нысандарының ешбір санатына енбеген екен. Өйткені, еліміздің «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңында белгіленгендей, мұндай санатқа табиғат тудырған кешендері бар аумақтар немесе су нысандары мен сондай нысандардың төбесіндегі атмосфера жатады екен.


Ал, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның 1 оныншы бабында өңірлердің, мегаполис атанған қалалардың және елорданың жергілікті атқарушы органдары өзіндік құзыреттерi аясында мемлекеттік маңызы зор болып саналатын, ерекше қорғауға алынуы тиіс аймақтарды жасақтау немесе аумағын үлкейту жайлы талап-тілектерді құзырлы органдарға енгізе алады екен.


Сондай-ақ, аталған заңның он бірінші бабы бойынша мәдени әрі тарихи мұра болып саналатын нысандарды зерделеуді, тізімге қосу, қорғау, анықтау мен қолдануды, сонымен бірге ол аумақтардың ахуалын бақылауды жергілікті атқарушы мекемелер атқаруы тиіс екен. Одан бөлек, арнайы сараптама жасалған соң, оң шешім шығарылса, құзырлы органдардың келісімі арқылы жергілікті маңызы жәдігерлер деп танылып, осы санаттағы нысандардың қатарына қоса алады. Тағы бір айта кетерлігі – мұндай нысандар есепке алынып, мәртебесі анықталып жатқан кезеңде мемлекеттік деңгейде қорғалатын нысандармен бірге сақталады екен.


Сол себепті ендігі кезекте аталған өңірдің әкімдігі ғалымдармен, ғылыми ұйымдармен тізе қосып, сөз басында айтылған «Торыш» тастарын жан-жақты зерттеліп, ерекше қорғауға алынатын тарихи мұралар ретінде уәкілетті органдарға ұсынбақ. Өз кезегінде, құзіретті органдар бұл ұсынысты қанағаттандырған жағдайда, «Торыш» тастары да мемлекеттік деңгейде қамқорлық жасалатын нысанға айналуы бек мүмкін.

Айта кетсек, «Торыш» тастары деп отырғанымыз – маңғыстау өңіріндегі доп пішінді тастар жатқан алқап. Бұл жерге жыл сайын мыңдаған турист барып, бар сырын қойнына бөккен алқаптан керемет сезім алып қайтады екен. Ал, соңғы жылдары мұндағы тастардың ұрланып жатқаны туралы дабыл қағылған.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ