"Жасырған жоқпын": Байжанов өзіне тағылған айыппен келіспейді

0
220

Бұған дейін Мемлекеттік айыптаушы Байжановқа тағылған бір айыптауды алып тастаған болатын.


ERNUR.KZ. Бишімбаевтың сотында сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыппен келіспейтінін айтты, деп жазады baq.kz.

Байжановтың адвокаты 432-бап "Қылмысты жасырып қалу" айыбымен келіспеді.

Жасырып қалды дегенге келіспеймін. Қылмысты жасырған жоқпын, - деді экс-министрдің інісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік айыптаушы Байжановқа тағылған бір айыптауды алып тастағанын жазған едік.