Жауапты хатшылардың міндетін енді кім атқарады

0
704

Мәжілісте жауапты хатшылар институтын оңтайландыру мақұлданды.


Жауапты хатшылардың міндетін енді кім атқарады

ERNUR.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады zakon.kz.

Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолауындағы жауапты хатшылар институтын жою туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Қазір оларды тікелей Президент тағайындайды, олардың мәртебесі жоғары, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова депутаттарға құжатты ұсына отырып.

Оның айтуынша, түзетулер қабылданғаннан кейін олардың міндеттері министрлер тағайындайтын және оларға есеп беретін аппарат басшыларына жүктеледі.

Осыған байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заңнан жауапты хатшылардың мәртебесі мен өкілеттіктерін реттейтін нормаларды алып тастап, оларды "Мемлекеттік қызмет туралы" заңында аппарат басшыларына бекіту ұсынылды, - дейді ол.