Жаяу жүргіншіні екі бірдей көлік қағып, жүргізушілер қашып кеткен

0
1 594

Жүргізушілердің бірінің құқық қорғау органдарына қатысы бар екені жайлы мәлімет шындыққа жанаспайды


Жаяу жүргіншіні екі бірдей көлік қағып, жүргізушілер қашып кеткен

ERNUR.KZ. Алматы облысында адам өліміне әкелген жол апаты болған жерден қашып кеткен Mercedes Gelandewagen мен "КамАз" жүргізушілері ұсталды, деп жазады тengrinews.kz.

Жол апаты "Алматы-Өскемен" тасжолында болған. 24 қаңтарда кешкі уақытта тасжолдың 189-шақырымында ер адамның денесі табылған. Кейінірек оның Көксу ауданының 51 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ер адамды бастапқыда Gelandewagen, кейін жүк көлігінің жүргізушісі қағып кеткені белгілі болды.

Полициядағылардың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Жүргізушілердің бірінің құқық қорғау органдарына қатысы бар екені жайлы мәлімет шындыққа жанаспайды. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.