"Жазда эпидемия басылмайды": Біртанов коронавирус таралатын ең қауіпті кезеңді атады

0
5 570

Сарапшылар эпидемия күзде қайталануы мүмкін екенін болжап отыр.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирусқа қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Министрдің пікірінше, елімізде атқарылған қатаң шаралар коронавирустың тарауын 28 наурыздағы көрсеткіштен 52 пайыздан 12 пайызға (өткен тауліктегі) төмендеткен. Бұл санитарлар және медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдедіп, науқастар және олармен байланыста болған адамдарға көбірек көмек көрсетуге септігін тигізген.

"Әйтсе де, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып отыр. Өзге елдердің тәжірибесіне сүйеніп, індет жұқтырудың негізгі кезеңі сәуір-мамыр айлары, ал сәуірдің бірінші жартысында коронавирус шарықтау шегіне жетеді деп айтуға болады. Осы кезеңде шамамен 3500 науқас болады деп болжап отырмыз", - деді Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында.

Денсаулық сақтау министрі жаз мезгілінде коронавирус толығымен жойылады деген пікірді жоққа шығарды.

пидемиологтардың пікірінше, жаз айларында вирус таралуы төмендеуі мүмкін, бірақ эпидемия толықтай жоғалып кетпейді. Сарапшылардың кейбірі эпидемия күзде қайталануы мүмкін екенін айтады", - деді Біртанов.

Осындай болжамдар коронавирусқа қарсы жасалатын шараларды тағы да күшейтуге, вирус жұқтырғандарға толық медициналық көмек көрсетуге дайын болуға үндейді. Осы мақсатта қазірдің өзінде індет жұқтырғандарға 3920 төсек-орын мен вирусты жұқтыруы мүмкін деген күдіктегі адамдарға 7300 орын дайындалған. Сонымен қатар, ауыр жағдайдағы 180 науқасқа 170 жасанды тыныс алдыру аппараты мен 38 қанның экстракорпоралды мембраналық оксигенация аппараты дайындалған.

"Алайда науқастар орта есеппен ауруханада 3-4 апта жататынын және вирус жұқтырғандар саны өсуі мүмкін екенін ескерсек, бізге әлі де қосымша орындар қажет. Сонымен қатар, медициналық қазметкерлер, полиция, әскерилердің де қызметі қажет болады", - деп түсіндірді министр.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет