Жедел жәрдем жылдам жетуі үшін қандай мәлімет айту керек

0
669

Диспетчердің қоңырау қабылданғаны туралы хабарламасын күтуді ұмытпаңыз. Жауап бермейінше, тұтқаны қоймаңыз.


Жедел жәрдем жылдам жетуі үшін қандай мәлімет айту керек

ERNUR.KZ. Диспетчерге оқиға орнына дәрігерлердің келуін тездету туралы ақпараттық хабарлама жіберіледі, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының оқу-тренинг орталығының жетекшісі Болат Тайбековтың айтуынша, бірінші кезекте мекен-жайды хабарлау қажет.

Көше атауын, үй нөмірін, жол-көлік оқиғасы орын алған маңдағы жақын орналасқан жалпыға мәлім ориентирлерді атаңыз, - деп түсіндірді ол брифинг барысында.

Сарапшы мүмкіндігінше зардап шеккендердің санын, олардың жынысы мен шамамен жасын, жай-күйін, есін жоғалтқан ба, тыныс ала ма, қан кету мен сынықтар бар-жоғын хабарлауға кеңес береді.

Диспетчердің қоңырау қабылданғаны туралы хабарламасын күтуді ұмытпаңыз. Жауап бермейінше, тұтқаны қоймаңыз. Бұл қоңыраулар жедел жету үшін, бригадалардың саны мен профилін дұрыс анықтау үшін өте маңызды.