Жеделсаты ішінде сүйіскен қос еркектің видеосы: Энергетика министрі пікір білдірді

0
1 476

Мәселені журналистер көтеріп, осыған қатысты министрге сұрақ қойды.


Жеделсаты ішінде сүйіскен қос еркектің видеосы: Энергетика министрі пікір білдірді

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов жеделсаты ішінде сүйіскен екеудің осы ведомство вице-министрлері делінген желідегі атышулы видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Мәселені журналистер көтеріп, осыған қатысты министрге сұрақ қойды.

"Біздің министрлікте бейнероликте сипатталған адамдар жұмыс істемейді. Олардың кім екенін де білмеймін. Мұны нақты айта аламын. Желіде оларды біздің министрліктің қос вицесі деп айтыпты біреулер, әрине олар да емес видеодағылар". Болат Ақшолақов

Сондай-ақ ол келтірілген зиян үшін сотта өз құқықтарын қорғау жағын ведомствоның вице-министрлері өзі шешетінін, бұл әр адамның жеке азаматтық құқығы екенін баса атап өтті.

"Әрбір азаматтың бұзылған құқығын сотта қорғауға құқығы бар. Олар азамат ретінде жеке бас істері бойынша маған есеп беруге міндетті емес. Жұмыстарына қатысты да менде тағатын айып жоқ. Егер желіде бірнәрсе жарияланып жатса, бұл олардың жеке құқығы: сотқа жүгіне ме, жүгінбейді ме, әлде үнсіз қала ма, өздері біледі. Мұның енді министрліктің құзыретіне еш қатысты жоқ". Энергетика министрі

20 қаңтарда Астана қалалық полициясында жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.