Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген такси жүргізушілері мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істей алады: Заңға түзету қашан енгізіледі

0
351

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа нормалар бойынша жеке тұлға әкімдікке ресми такси тасымалдаушыларының тізіліміне енгізу үшін хабарлама берген кезде такси тасымалдаумен толық айналыса алады.


Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген такси жүргізушілері мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істей алады: Заңға түзету қашан енгізіледі

ERNUR.KZ. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларды ресми такси тасымалдаушыларына жатқызуға мүмкіндік беретін "автомобиль көлігі туралы" заңға енгізілген түзетулер жоспарланғаннан уақыттан ертерек күшіне енуі мүмкін, деп жазады Stan.kz

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа нормалар бойынша жеке тұлға әкімдікке ресми такси тасымалдаушыларының тізіліміне енгізу үшін хабарлама берген кезде такси тасымалдаумен толық айналыса алады. Тізілімге енгізілген жеке тұлғаның таксиге қойылатын талаптарды қалай сақтайтындығына жауапкершілік пен бақылау мобильді қосымша операторына жүктеледі. Бүгінгі таңда таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларының операторлары тек Жеке кәсіпкер немесе ҚР заңды тұлғаларына қызмет көрсетуге құқығы бар ақпараттық-диспетчерлік қызметтер ретінде айқындалған.

“Тиісті заңнамалық түзетулердің күшіне енуі 2025 жылғы 1 қаңтарда күтіледі, бірақ мәселенің жоғары өзектілігіне байланысты оларды 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізу мүмкіндігі қарастырылуда”, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, биыл қазан айында көлік және жол қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар арасында жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактісін жою жөніндегі бірлескен Жол картасы қабылданды. Оның шеңберінде заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру үшін заңсыз тасымалдаушылардың тұрақтарына рейдтік іс-шаралар жүргізу, таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшаларының қызметін бақылауды ретке келтіру, фото және видео фиксация жасайтын камералар арқылы жолаушыларды заңсыз тасымалдауды тұрақты негізде жүзеге асыратын автокөлік құралдарын анықтау жоспарланып отыр.

“Сондай-ақ көлік құралдары мен олардың жүргізушілерінің жұмысын мониторингтеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларын интеграциялау мәселесін пысықтау көзделген”, – деп қосты аталған министрлік өкілдері.