Жеке шот ашуға міндеттейді: елде мобильді аударымдар заңмен реттеледі

0
426

Бұл мәселені заңнамалық реттеу мақсатында "мобильді төлемдер" түсінігі енгізілді.


Жеке шот ашуға міндеттейді: елде мобильді аударымдар заңмен реттеледі

ERNUR.KZ. Парламент сенаты кәсіпкерлерді мобильді аударымдар үшін жеке шот ашуға міндеттейтін заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жолдады, деп жазады sputnik.kz.

Заң жобасын парламент депутаттары әзірлеген еді.

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, пандемия кезінде шағын және орта кәсіпкерлер мобильді аударымдарды бүкіл жерде пайдалана бастады. Алайда ол тек жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған.

Бұл мәселені заңнамалық реттеу мақсатында "мобильді төлемдер" түсінігі енгізілді.

Сонымен қатар кәсіпкерлер бизнеске арнап жеке шот ашуға міндеттеледі. Клиенттер де алған тауардың немесе көрсетілген қызмет ақысын төлегенде, ақшаны осы шотқа аударады. Банктер тиісті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына береді.

Бұдан бөлек, заңға сәйкес, мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысу кезінде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдану заңдастырылады.